×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Байқоңыр билігі Украинаға қарсы соғысқысы келетіндерге ақша ұсынған

14.02.2023, 10:44
euronews.com

Байқоңыр тұрғындарына Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін ақша ұсынылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокуратура хабарламасына сүйенсек, әскери қызметкер немесе оның заңды өкілі бір реттік өтемақы алу үшін Байқоңыр әкімшілігі халықты әлеуметтік қорғау басқармасына өтініш беруі керек. 

"Байқоңыр әкімшілігі төрағасының 2023 жылы 7 ақпандағы №46 қаулысына сәйкес Байқоңыр қаласында тұратын мобилизацияланған азаматтар және арнайы операцияға өз еркімен қатысқысы келетін, келісімшарт бойынша әскери қызметтен өткісі келетіндерді әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль (1,5 млн теңгеден астам) көлемінде бір реттік қаржылай өтемақы тағайындалды", – делінген хабарламада.

Өтініш қаралған соң қаржы азамат көрсеткен есепшотқа аударылады. Ал есепшот Ресейдің несие ұйымдарында болуы керек. Сондай-ақ, хабарламада әскери қызметкердің өтініші қабылданып, қаржы аударылатын мерзім 20 жұмыс күнінен аспайтыны айтылған.

Серіктес жаңалықтары