×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

77 млн теңге залал: Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды

23.02.2023, 08:45
фото: ашық дереккөзден

Шымкентте «GAP» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қаржы пирамидасын ұйымдастырушысы жәбірленушілерге тұрғын үй немесе көлік алуға көмектесуді ұсынған.

“Еліміздің оңтүстік облыстарының тұрғындарымен міндетті кіру жарнасы 240 мың теңгені құрайтын тұрғын үй немесе автокөлік алуға жәрдемдесу және одан әрі жинақтау үшін ай сайын 75 мың теңге көлемінде қаражат төлеу туралы келісімдер жасаған күдікті анықталды. Ақшасын салған азаматтар баспана мен көлікті ала алмады. ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген 33 азаматқа келтірілген шығын көлемі 77 миллион теңгеден асты”, – делінген агенттік хабарламасында.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда 29 қаржы пирамидасының көзі жойылды.

Серіктес жаңалықтары