×
$
444.16
€
487.29
₽
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.16
€
487.29
₽
5.4

Алматы қысқы Олимпиаданы өткізе ала ма? Министр жауап берді

Бүгін, 14:20
Алматы қысқы Олимпиаданы өткізе ала ма? Министр жауап берді
ЖИ/ Ulysmedia

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматыда қысқы Олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Журналистер бұл сұрақты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қойды.

Ведомство басшысының айтуынша, қазір Алматы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарына дайындалып жатыр. Осы мақсатта қаладағы спорт инфрақұрылымы дамып, соның ішінде биік таудағы «Медеу» кешенінде жұмыстар жалғасып жатыр.

Министрдің сөзінше, Азия ойындарын қолданыстағы спорт нысандарында өткізу жоспарланған. Сондай-ақ 2029 жылға қарай Алматы тау кластерін дамыту жұмыстары аяқталады деп көзделіп отыр.

Мырзабосынов Азия ойындары өткеннен кейін Алматыда қысқы Олимпиада өткізу мәселесін қарастыруға болатынын айтты.

– Азия ойындары өткеннен кейін қысқы Олимпиада өткізу туралы ойланған дұрыс шығар, – деді министр.

Контекст

Еске салайық, 2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді. Алдағы қысқы Олимпиада 2030 жылы Француз Альпілерінде ұйымдастырылады. 2034 жылғы ойындарды АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласы қабылдайды.

Ал 2038 жылғы қысқы Олимпиаданың қожайыны әзірше түпкілікті анықталған жоқ. Оны өткізуге Швейцария үміткер.

Сізге қызық болуы мүмкін