×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Не газ, не көмір жоқ: Түркістан облысында 5 мектептің оқушылары қыстай бүрсең қағып отырған

24.02.2023, 17:09
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысындағы бес мектептің оқушылары қыс бойы жылуы жоқ ғимараттарда білім алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Otyrar.kz-тің жазуынша, Жетісай ауданында бес мектептің оқушылары қақаған аязда бүрсең қағып отырған. Тексеру барысында прокуратура білім беру мекемелеріне көмірге қаражат бөлінбегенін анықтады. Салдарынан мыңдаған оқушы жылуы жоқ бөлмелерде сабақ оқуға мәжбүр болған.

Желтоқсан және қаңтар айларында олар уақытша басқа мектептерге ауыстырылыпты. Мұндай немқұрайлылықтың себебін жылуды қамтамасыз етуге жауапты мамандар жоспар бойынша мектеп газбен жылытылуы қажеттігімен түсіндірген.  Алайда, құжаттарды уақтылы дайындамағандықтан, оқу орны не газбен, не көмірмен жылытылмаған.

"Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері, экономистер мен бухгалтерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта барлық кемшіліктер жойылды, бүгінде барлық бес мектеп қатты отынмен толық қамтамасыз етілді", - деді Жетісай ауданы прокурорының орынбасары Рысбек Ерназаров.

Серіктес жаңалықтары