×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Елді мекендерге қауіп бар ма - Ақсай шатқалы әлі өртеніп жатыр

29.09.2021, 11:45
фото: Алматы облыстық ТЖД

Алматы облысы Ақсай шатқалындағы өрт жайлы белгілі болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2021 жылғы 29 қыркүйекте сағат 08-00-дегі жағдай бойынша, Алматы облысы Қарасай ауданының Ақсай шатқалындағы «Іле-Алатау» МҰТП аумағындағы бір учаскеде аздаған бықсу және шымтезек төсенішінің түтіндеуі бар. Бұл аймақтын айналасында жерді қазу және жырту жұмыстары жүргізілді, дейді Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт орнында Ақсай орман шаруашылығының, Қазавиаорманқорғау және Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары жұмыс атқарып жатыр. ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен ұшу және су шашу жүзеге асырылады.

Бүгін түтіндеуді жоюға 38 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен – Қырғауылды ауылы 12 шақырым қашықтықта және Радуга бау-бақша қоғамы 8 шақырым қашықтықта орналасқан.

Атап өтсек, 26 қыркүйектен бастап Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ақсай шатқалында, «Іле-Алатау» МҰТП аумағындағы жетуі қиын таулы жерлерде, биіктігі 2000 метр жерде орман төсеніші, жапырақтар және құрғақ шөп (шамамен 5 гектар аумақ) жанып жатыр.

Серіктес жаңалықтары