×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанның екі өңірінде азық-түлік күрт қымбаттады

27.02.2023, 13:28
фото: ашық дереккөзден

Бір ай ішінде Астана мен Шымкентте азық-түлік 2,2 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  қаңтар айында бағаның айтарлықтай өсуі Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында да тіркелді.

Жылдық көрсеткіш бойынша ең жоғары өсім Маңғыстау облысында болды, яғни азық-түлік тауарлары 31,5 пайызға қымбаттады. Сондай-ақ, Түркістан облысы (+27,4%) мен Шымкент қаласында (+27,2%) қымбатшылық көрсеткіші жоғары болды.

Жемістер мен көкөніс жылдық динамикада 21,2%-ға қымбаттады. Сүт өнімдерінің бағасы бір айда 1,2 пайызға, ал бір жылда 32,4 пайызға көтерілді.

Ет және ет өнімдері бір айда 0,5 пайызға, жыл ішінде 16,9 пайызға қымбаттады. Атап айтқанда, ұн бағасы бір жылда 42,8 пайызға, нан – 19,2 пайызға, макарон өнімдері – 42,3 пайызға, жарма 35,1 пайызға өсті.

Айта кетейік, өткен жылы қазақстандықтардың нақты ақшалай табысы 13%-ға азайған.

Серіктес жаңалықтары