×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүреді

29.09.2021, 12:31
Қазақстанның оңтүстігінде үсік жүреді
фото: Ашық дереккөзден

Қазгидромет еліміз бойынша 2021 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігі батыс өңірлерді қоспағанда әлі де циклон ықпалында болады. Еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы, шығысы, орталығы және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Оған қоса, жауын-шашын көктайғаққа ұласады. Түнде және таңертең тұман түседі.

1 қазаннан бастап, солтүстік-батыс антициклонның батыстан шығысқа қарай ығысуына қарай, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы одан әрі төмендеп, күн суытады. Атап өтсек, түнде солтүстік, шығыс және орталықта 1-6 градус суыққа, күндіз 2-7 градус жылыға дейін өзгереді. Қазақстанның солтүстік-батысында түнде термометр 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус аралығында жылы болады. Ал оңтүстік өңірлерге келсек, түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градусқа дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында ғана ауа температурасының негізгі фоны түнде 3 суық-5 жылыны, күндіз 10-15-тен 13-18 жылыға дейінгі аралықты құрайды.