×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Солтүстік Қазақстанда аққуды атқан адам ұсталды

29.09.2021, 13:49
фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққуды атқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

4 қыркүйектен, суда жүзетін құстарды аулау маусымы ашылғаннан бастап полиция қызметкерлері мен қорықшылар аң аулау қағидаларын сақтауды тексеру үшін рейдті күшейтті. Бірлескен рейдтің бірінде, Айыртау ауданында егіс алқабына жақын ағаш дайындау бригадасының жанында сұңқылдақ аққудың қалдықтары табылды. Оқиға орнына келген жедел-тергеу бригадасы жұмысшылардың бірінің қызыл кітапқа енген құсты заңсыз атуға қатысы барын анықтады.

Күдікті Ғ.Мүсірепов атандағы ауданның 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Оқиға орнын қарау барысында аққудың қалдықтары, 16 калибрлі «ИЖ-18» қаруы, атылған гильза мен оқталған патрон алынды. Аталған факт ҚР қылмыстық кодексінің 337-бабы, 4-бөлігі (заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Осы тармақ жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты заңсыз аңшылық үшін жауапкершілікті көздейді, дейді polisia.kz.

«Облыста экологиялық қылмыс саласындағы 17 қылмыстық іс тіркелді, 414 аң аулау қағидасын және 273 балық аулау қағидасын бұзушылық анықталды. Облыстың барлық тұрғынын заңнаманы қатаң сақтауға шақырамыз», - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Серіктес жаңалықтары