×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тұрғындардың мүддесін қорғаған: Ақтау әкімі не үшін айыппұл арқалады

03.03.2023, 09:14
Тұрғындардың мүддесін қорғаған: Ақтау әкімі не үшін айыппұл арқалады
Lada.kz

Ақтау қалалық әкімдігі шаһар басшысына айыппұл салынуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ақтау әкімі Ербол Ізбергенов заңды күшіне енген сот шешімін орындамағаны үшін 172 500 теңге айыппұл салынған.

Әкімдік дерегінше, әкімнің айыппұл арқалауына оның Ақтау 9 шағын ауданында орналасқан №7 жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге, яғни тұрғын үй кешенін салуға рұқсат бермеуі себеп болған (12.09.2022 ж. сот шешімімен "Каспий Кетік Құрылыс" ЖШС-нің әкімді учаскенің нысаналы мақсатын өзгертуге міндеттеу туралы талап арызы  жоғарыда көрсетілген жер учаскесі толық көлемде қанағаттандырылды). 

–  Әкімдік тұрғын үй кешені салынған жағдайда инженерлік желілерге (сумен-жылумен жабдықтау, электр желілері және т.б.) жүктеме артатынын ескерген. Бұдан басқа, тұрғын үй кешені бой көтерер болса, инфрақұрылымды (тұрақ орындарын, балалар алаңдарын) және шағын ауданішілік жолдардағы автомобиль кептелістерін ұйымдастыру бойынша проблемалар туындайды. Сонымен қатар, әкімдік 9 шағын аудан тұрғындарының тұрғын үй кешенін салуға қарсылығын назарға алды, - деп хабарлады қала әкімшілігі.

Айта кетейік, 2020 жылы "Каспий Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт негізінде (кейіннен сатып алу құқығымен) жоғарыда аталған жер учаскесін "Каспий Кетік Құрылыс" ЖШС-не берді.