×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда екі облыс пен екі қала «қызыл» аймақта тұр

30.09.2021, 08:40
Қазақстанда екі облыс пен екі қала «қызыл» аймақта тұр
Фото: Ашық дереккөзден

Ведомствоаралық комиссия елдегі эпижемиологиялық ахуалды бағалаудың бүгінгі матрицасын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Матрицаға сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары,Қарағанды, Павлодар облыстары тұр. Ал «сары» аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. «Жасыл» аймақта Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары ғана бар.

«30 қыркүйектегі мәлімет бойынша 61 356 адам коронавирус инфекциясынан (52 916 КВИ+ және 8 440 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 10 343 пациент стационарда болса, 51 013 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 805 адамның жағдайы ауыр болса, 212 пациенттің жағдайы өте ауыр. 135 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп хабарлайды комиссиядан.