×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Архившілерге тиесілі 25% үстемақы төленбей жатыр: Оралов «жауап беруге» уәде берді

14.03.2023, 11:35
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ақтөбе облысының архившілерінің уәжі жөнінде мәселені мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа «қарауға, жауап беруге» уәде берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетсек, таяуда редакциямызға Ақтөбе облысының бір топ архившісі хабарласқан еді. «Бізге кім араша түседі» деп басталатын хатта аудандардың архившілері айлықпен бірге берілуі тиіс 25% үстемақыны ала алмай, оны даулағаны үшін қысым көрсетіліп жатқанын жазған. Архившілер былтыр сотта жеңіп шыққан. Алайда алты жылдан кейін «қол жеткіздік-ау» деген үстемақы жаңа жылдан кейін тағы берілмей қалған. Порталда сол жөнінде мақала жазылған болатын.

Бүгін үкімет кулуарында Ulysmedia.kz порталының тілшісі мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловқа осы мәселе жөнінде сұрақ қойды.

«Архившілер өзімізге тиесілі үстемақыны ала алмай жатырмыз дейді. Бұл жөнінде білесіз бе? Сізге әлеуметтік желіде архившілер жазған екен», - деп сұралды министрден.

Бұл сауалға жауап берген министр «фейсбукта оны қарайын, міндетті түрде жауап беремін» деп қысқа қайырды.

Серіктес жаңалықтары