Ақтөбе облысы Ойыл ауданында жергілікті ауқымда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы аудан әкімдігі мәлім етті.
Әкімдік сайтындағы мәліметке сүйенсек, Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың өзі басқарады.
Ал, облыс әкімдігі ауданда 11 үйді су басқанын хабарлады.
«Су тасқынында 11 үйге су кірді. Оның үшеуі – бос тұрған үй. 2 үйдің дәлізіне зақым келген. 12 аула аумағын (сарай, қора) су шайды. Адам өлімі, мал шығыны жоқ», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан Қазақстанның екі облысында су басу қаупі жоғары екені хабарланған.