×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Боран соғып, үсік жүреді: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

01.10.2021, 13:41
фото: Ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 2-4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Республика аумағының басым бөлігі жаңбыр мен қар жауғызатын циклон әсерінде болады. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ Қазақстан бойынша тұман, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, солтүстік өңірлерде – боран соғады. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің батысы және оңтүстік-батысында түнде 1-8 жылы болса, солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-17, ал оңтүстікте 20 градус жылы болады.

Солтүстік-батыста температураның негізгі бағыты: түнде 5 аяз - 3 жылы, күндіз 5-15 жылыдан 0-8 жылыға дейін аздап төмендеу, өңірдің оңтүстігінде 12 градус жылы. Солтүстік пен орталықта температураның негізгі фоны: түнде 5 аяз-3 жылы, күндіз 2-11 жылыдан 0-8 жылыға дейін аздап төмендейді. Шығыста түнде 3 аяз-5 жылы, күндіз 3-11-ден 7-15-ке дейін көтеріледі. Оңтүстікте ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстігінде және таулы аудандарында 3 градусқа дейін, күндіз 12-20 градус жылы аралығында болады. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстігінде әрі таулы аудандарында 3 градусқа дейін, күндіз 4-12-ден 7-15 градус аралығында көтеріледі», - дейді синоптиктер.

Серіктес жаңалықтары