Ер адам жедел жәрдем келгенше қайтыс болып кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 30 қыркүйек күні сағат 14:00-де Желаево ауылында болған. 26 жастағы жұмысшы жүк вагондарын пломбалау кезінде «ГренАгроТренд» ЖШС-ға баратын тұйық жолдағы әуе электр сымдарына тиіп кеткен.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ер адамның жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенге дейін қайтыс болғанын хабарлады.