2 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін «АқЖайық» табиғи мемлекеттік резерваты аумағындағы өрт 130 гектарды алқапты шарпыды.Оның 127 гектары сөндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, бүгінгі таңда батпақты, сулы жерлерде шамамен 3,3 га аумақта қамыс бықсып жатыр.
“Биіктігі 2-2,5 метр болатын қалың қамыс бұталарын сөндіруге жердің қатты сулы-батпақты болуы қиындық тудырды. Сондықтан өрт сөндіру автотехникасының жану ошақтарына өтуі мүмкін емес. Осыған байланысты ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері сөндіруді өрт сөндіргіштер мен хлопушкалардың көмегімен жаяу жүзеге асыруда”, – делінген хабарламада.
Өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 39 қызметкер мен 4 бірлік техника және «Ақ Жайық» табиғи мемлекеттік резерватынан 30 адам мен 9 бірлік техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылған.
Бұдан басқа, өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 5-СТҚ су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылып, қамыс өсімдіктерін сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
“Бүгінгі күні Қазавиқұтқару тікұшағы әуеден су төгу құрылғысының көмегімен өрт ошақтарына әуеден 70-ке жуық рет, жалпы көлемі 200-ден астам тонна су төгілді. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда”, – деп хабарлады министрліктен.
Айта кетейік, бұдан бұрын Экология министрі Атырау облысындағы төтенше жағдайларға қатысты түсініктеме берген.