×
478.93
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.93
534.96
5.16

Түтінге тұншыққан Атырау: Экология министрі жағдайды түсіндірді

05.04.2023, 08:04
Коллаж: Ulysmedia.kz

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Атырау облысында қалыптасқан төтенше жағдайларға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“3 сәуірде Атырау облысында бірнеше штаттан тыс оқиға, соның ішінде “Ақ Жайық” мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыстың өртенуі, Атырау мұнай өңдеу зауытының түтіндеуі мен "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc" ЖШС-да факелде газ жағу орын алды. Сол күндері орын алған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен желдің болмауын қоса алғанда күрделі экологиялық жағдай қалыптасты”,  – деп жазды Зүлфия Сүлейменова желіде.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта екі кәсіпорынға қатысты тексеруді прокуратураға тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Екі факті бойынша мән-жай анықталмақ.

“Бір айта кететін жәйт, кәсіпорындардың, әсіресе Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) экологиялық көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және факелде газды жандыру систематикалық түрде тіркелуде. Өткен жылы тиісті экологиялық заңнаманы систематикалық бұзғаны үшін АМӨЗ-дің экологиялық рұқсатын тоқтата тұру туралы Атырау облыстық экология департаменті материалдарды сотқа жолдаған болатын. Алайда, биыл да экологиялық көрсеткіштер сапасының жақсармағанын көріп отырмыз. Осыған байланысты кәсіпорындар экологиялық көрсеткіштерін жақсарту мәселесін бақылауға алып, барлық бұзушылықтарды дереу жоюы қажет. Осы мәселе бойынша министрлік АМӨЗ бен KPI-нің бас компаниясы – ҚазМұнайГазға (KPI бойынша Самұрық Қазына Өңдеуді қоса) хат жолдамақ”, – деді министр.

Еске салайық, бұдан бұрын тұрғындар Атырауды қою түтін тұмшалағанын айтып шағымданған.