×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қар жауып, үсік жүреді: демалыс күндері бірқатар өңірде ауа райы бұзылады

07.04.2023, 13:06
jooinn.com

Синоптиктер 8-10 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазгидромет” мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 9 сәуірде оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), 10 сәуірде оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.

 

"Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі; оңтүстік, батыс аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай; солтүстікте, шығыста және орталықта – көктайғақ. күтіледі. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік болады деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары