×
$
444.3
€
490.91
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.3
€
490.91
₽
5.41

Тоқаев 29 қарашадағы сайлауда барлық кандидатқа тең жағдай жасауды тапсырды

Бүгін, 18:30
Тоқаев 29 қарашадағы сайлауда барлық кандидатқа тең жағдай жасауды тапсырды
Ақорда

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық жалғасып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы президентке алдағы дауыс беруге дайындық барысы туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатына сай өтуі керегін атап өтті. Сондай-ақ барлық кандидат пен саяси партияға тең жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Президенттің пікірінше, депутаттар корпусын жаңарту жергілікті өкілді органдардың жұмысын едәуір жандандыруға тиіс.

Контекст

Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленген. Оны өткізуге 35,8 млрд теңге қарастырылған.

Сізге қызық болуы мүмкін