×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақтауда 20-ға жуық медицина қызметкері астан уланып қалды

12.04.2023, 13:02
Ақтауда 20-ға жуық медицина қызметкері астан уланып қалды
фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«10 сәуір күні Ақтау қаласындағы мейрамхананың бірінде ауызашар болған. Ауызашарға қала, аудандық емдеу мекемелерінің дәрігерлері, жалпы 50 адам шақырылған. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің мәліметінше, 16 адам улану белгілерімен шағымданған», - делінген басқарма хабарламасында.

Аурухана дәрігері науқастардың бүгінгі жағдайы туралы айтты.

«Оның ішінде 6 адам амбулаторлық емге жолданды, ал 10 адам жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Науқастарда жоғары қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған. Барлық қажетті шаралар қолданылып, ем жүргізіліп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ, науқастардың жағдайы тұрақты, температурасы бірқалыпты, динамикасы оң. Барлық анализдер алынып, ем қабылдауда. Шағыммен келген кезде қан қысымы төмен болған, инфузионды терапиядан кейін жағдайлары жақсарды», – дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Гүлбану Нұржанова.