×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Заңсыз көші-қон: Түркістан облысында 50 шетелдік елден қуылды

17.04.2023, 08:03
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында 50 шетелдік ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, өңірдегі заңсыз көші-қон арнасын анықтап, алдын алу және оларды ұйымдастырушыларды табу, сондай-ақ облыс аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды анықтау мақсатында арнайы топ құрылған.

photo

Алған топ 10 тәулік ішінде ел аумағында заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 114 азаматын анықтаған. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, жинақталған іс-құжаттар жергілікті сотқа жолданды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетелдік сот шешімімен ел аумағынан аластатылса, 4 шетелдік әкімшілік қамауға алынды.

 

Сондай-ақ, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстан Республикасының 2 азаматының әрқайсысына ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік айыппұл салынды. Шетелдіктерді заңда белгіленген тәртіп бойынша қабылдамаған 3 қазақстандыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шара қабылданды.

Серіктес жаңалықтары