×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Қазақстанда ауа райы бұзылады

04.10.2021, 11:40
фото: Ашық дереккөзден

Қазгидромет еліміз бойынша 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Кезең ішінде ҚР аумағының басым бөлігі жауын-шашын және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік-батыс антициклон ықпалында болады. Ал республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы циклонға байланысты болады — жаңбыр мен қар жауады, 6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашынмен қатар тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы 0-5 суыққа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта 5-10 суыққа дейін, шығыста 3-11 суыққа дейін төмендейді. Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус суық болады», - дейді синоптиктер.

Серіктес жаңалықтары