 
                    Павлодар тұрғыны 16-қабаттағы балконнан секіріп кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Н. Назарбаев даңғылындағы 52-үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды.
Ол 16-қабатта орналасқан тұрғындардың ортақ балконынан секіріп кеткен. 
«Тексеріс жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Ер адамның тұлғасы анықталуда», - делінген хабарламада.
 
            
             
            
             
            
            