×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Бокс: Ұлттық құраманың бас бапкерлігіне Кенжебаевтың орнына Сәтжанов келді

06.09.2021, 13:57
Қайрат Сәтжанов Ғалым Кенжебаев

Бокстан ерлер мен әйелдер ұлттық құрамаларының бас бапкерлігіне Қайрат Сәтжанов пен Шәміл Сафиуллин келді, деп хабарлайды ulysmedia тілшісі.

Қайрат Сәтжанов 2018 жылдан бері команда тізгінінде жүрген Ғалымбек Кенжебаевты алмастырып отыр. Сәтжановтың 31 жылдық бапкерлік өтілі бар. Ол 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде жас боксшылар Сәтжанов бастаған «Азия балалары» халықаралық ойындарының медальдық сынағын екі рет жеңіп алған (2012 ж. – 4/4/2, 2016 ж. – 4/4/3). Әлем чемпионаттарындағы ең мықты үштіктің қатарына екі рет кірген (2013 ж. – 2/1/5, 2015 ж. – 1/1/3). Сондай-ақ Азия чемпионаттарында екі рет жеңіске жеткен (2013 ж. – 8/2/1, 2017 ж. - 8/2/2).

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасында да ауыс-түйіс бар. Бас бапкерлікке мұнда еркімен кеткен Ерік Алғабектің орнына Шәміл Сафиуллин бекітілді. Алғабек команда тәлімгері

Шәміл Сафиуллиннің бапкерлік еңбек өтілі 25 жылды құрайды. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанда да, шетелде де жұмыс істеп үлгерген. Әлем чемпионаттарының жүлдегерлерін, Азия чемпиондарын және Қазақстан чемпионатында бірнеше дүркін жеңімпаздарын дайындаған.

Серіктес жаңалықтары