×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Маңғыстауда жұмыс істемейтін жарықтандыру жүйесіне 159 млн теңге жұмсалған

31.05.2023, 08:53
Маңғыстауда жұмыс істемейтін жарықтандыру жүйесіне 159 млн теңге жұмсалған
Twitter

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы "Адай" автобазасынан Баянды ауылына дейінгі автожолдың жарықтандыру жобасына 249 миллион теңгеден жұмсалған. Оның ішінде 159 миллион теңгеден астамы мердігерге төленген. Алайда күн панельдеріне негізделген жарықтандыру жүйелері орнатылғалы бері жұмыс істемеген. Бұл туралы "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аймақ билігі өткен жылдың жазында "Адай" автобазасынан Баянды ауылына дейінгі жолды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін мердігер компаниямен келісімшарт жасасқан. Бұл мақсатқа бюджеттен 249 миллион теңгеден астам қаржы қаралған.

Мердігер компания құрылыс жұмыстарын төрт айда аяқтауы керек болған, жұмыстың орындалмағанына қарамастан, оған келісілген ақша аударып қойған.

- Әкімдік 2022 жылдың маусым айында 4 ай мерзімімен шарт жасасты, бірақ жұмысты мерзімін есептеместен, ақшаны игере бастады және мердігерге 159 млн теңге аударды. Мұны көріп, Асқар Жақсыбаев екеуміз осы факт бойынша өз өтініштерімізді жолдай отырып, дабыл қаға бастадық. 2023 жылдың 1 ақпанында ғана әкімдік сот арқылы жалған деп тануға және компаниядан 1,7 миллион теңге тұрақсыздық айыбын алуға тырысады. Сотта жауапкердің 58 750 476 теңгенің жұмысын орындамағаны  анықталды... - деп жазды  Дидар Смағұлов Facebook парақшасында.

Смағұловтың айтуынша, соттағы бірінші инстанция талапкердің талаптарын қанағаттандырса, екінші инстанция шешімнің күшін жойған.

- Неліктен бұлай болып жатыр деп ойлайсыз? Неліктен мұндай “қонақты” жауапкершіліктен босатты? Олар (шенеуніктер – авт.) соншалықты қабілетсіз бе немесе алған ақшаларын кері қайтаруды қаламай ма? Ең бастысы: өңір тұрғындарын жолдың жарықтандырылуын тағы қанша күтуі керек?, - деді  "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры.