×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Абай облысындағы орман өртімен 300 адам арпалысып жатыр

09.06.2023, 08:02
Абай облысындағы орман өртімен 300 адам арпалысып жатыр
ТЖМ

Абай облысындағы өртті сөндіру жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде.

ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылды.

 “4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда. ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес күштер мен құралдарды үйлестіру үшін өрт орнына ТЖ вице-министрі М. Күлдіков жіберілді. Жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауылында Островский атындағы ОМ және колледжде эвакуациялық пункттерді орналастырды”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Еске салайық, кеше “Семей орманы” аумағында өрт тұтанған болатын. Бұл резерват аумағындағы алғашқы өрт емес.

22 мамырда Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөптің жануы салдарынан «Семей орманы» МОТР аумағында орман өртенген болатын.

Өртпен 800-ден астам адам, 10 тікұшақ бірнеше күн бойы арпалысты.

Апатқа байланысты Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланады.