×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Үкімет бір жыл бұрын тапсырған жылы дәретханалар өңірлердегі мектептерге әлі орнатылмай жатыр

10.09.2021, 14:38
Үкімет бір жыл бұрын тапсырған жылы дәретханалар өңірлердегі мектептерге әлі орнатылмай жатыр
Фото: ашық дерек көзінен

Білім және ғылым министрлігі мектептерге байланысты тапсырмаларды орындамаған тұлғаларға шара қабылдау үшін өңір әкімдіктеріне хат жолдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Мәселе мектеп ауласындағы дәретханаларға қатысты сұрақтарды шешу және бейнебақылау камераларымен, дабыл батырмалары және қауіпсіздік жүйелерінің басқа элементтерімен қамтамасыз ету туралы болып отыр. Мектептерді қаржыландыру функциялары, олардың құрылысы және қажетті жағдайлар жасау, оның ішінде санитарлық, қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері заң жүзінде әкімдіктердің құзырында. Оқу жылы қарсаңында министрліктің қызметкерлері барлық өңір мен қалалардағы мектептерді тексерген.

«Инспекция барысында Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарындағы және Шымкент қаласындағы мектептерде жылы дәретханалармен қамтамасыз ету бойынша көрсеткіштің 100% жетпейтіні анықталды. Бұған дейін үкімет оқу жылының басында мектеп ауласындағы барлық дәретхананы жою міндетін қойған болатын», - деп хабарлайды министрліктен.

Сонымен қатар пайдаланылатын жылы дәретханалардың эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бойынша да сұрақтар туындаған. Нақтырақ айтқанда, жабық кабиналар, қолды жуу және кептіруге арналған құрал-жабдықтардың болуы жөніндегі және тағы басқа талаптар. Осындай мәселелерді шешу үшін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті санитарлық ережелерге өзгерістерді енгізген.

Айта кетсек, 2020 жылдың тамызында вице-премьер болған Бердібек Сапарбаев ОКҚ алаңында мектептердің ішінде дәретхана салынатынын, бұл жұмыс 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталатынын мәлім еткен еді. Ол тұста мектептердің 33% ғана ішкі дәретхана болған.