×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жетісу облысының бірнеше ауданын қою түтін басты

12.06.2023, 08:08
Жетісу облысының бірнеше ауданын қою түтін басты
фото: ашық дереккөзден

Абай облысындағы өрт түтіні Жетісу облысының бірнеше ауданына және облыс орталығы Талдықорған қаласына жетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және Маска киюді сұраймыз. Тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес беріледі”, – желінген ТЖД хабарламасында.

Еске салайық, “Семей орманы” аумағында өрт 8 маусымда тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңірінде ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.