×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Қайда жұмсалмақ - Түркістан облысындағы жобаларға триллиондар бөлінеді

08.10.2021, 15:00
фото: Ашық дереккөзден

Түркістан облысында жобаларға 2 трлн теңгеден астам инвестиция салынады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Облыста 181 ұсыныстан тұратын инвестициялық жобалар пулы құрылды. Жалпы құны – 2,6 трлн теңге. Жаңа нысандар 2021-2025 жылдары іске қосылады деп күтілуде. Бұл туралы LS-ке өңірлік әкімдік мәлімдепті.

Аталып өткендей, биылғы жылы 259,4 млрд теңгенің 70 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Олардың іске қосылуы есебінен 3,4 мың адам жұмыспен қамтылады. Мысалы, 4,7 млрд теңгеге мақта жіптерін өндіру жолға қойылады. Кәсіпорында 100 адам жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ 2 млрд теңгеге тазартылған май өндірісі пайда болады, онда 91 жұмыс орны құрылмақ.

Сонымен қатар биыл баламалы энергетика саласында 48,5 млрд теңгеге төрт нысан іске қосылады. Күн электр станцияларын 2021 жылы Кентау, Отырар және Мақтаарал аудандарында іске қосу жоспарлануда. Ақпаратқа сәйкес, "жасыл" нысандар құрылысына Ресей мен Италия компаниялары инвестиция салады.

"Жыл басынан бері 70 жобаның 164 млрд теңге сомасына 22-сі іске қосылып, 1,4 мың жұмыс орны ашылды", – деп толықтырды әкімдік.

Атап айтқанда, "Түркістан" индустриялық аймағында жол-құрылыс материалдарын шығаратын зауыт 1,1 млрд теңгеге іске қосылды. "Кентау" арнайы экономикалық аймағында 1,2 млрд теңгеге темір-бетон өнімдерінің өндірісі ашылды.

Биыл өңірде 120 млрд теңгеге 20 жобаны іске асыру жоспарланған, 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

Серіктес жаңалықтары