×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ипотека еліміздің қай қалаларында ең көп беріледі

13.10.2021, 15:30
фото: Ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық кредит беру нарығындағы үрдістерді жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Агенттік 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ипотекалық кредит беруге шолу ұсынды. Оған сәйкес, соңғы жылдары ипотекалық қарыздар портфелінің айтарлықтай өсуі байқалады. Ол биылғы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, 2,8 трлн теңге немесе экономикаға берілген кредиттердің 17%-ын құрады (жыл басында – 16,2%). Биылғы жылдың басынан бері ипотекалық қарыздардың өсуі 2020 жылдың ұқсас кезеңіндегі 14,6%-дан жеделдеп (2020 жылы – 34,3%), 18,1%-ды құрады.

Ипотекалық портфельдің жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес мына банктер еншісінде:

«Отбасы Банк» АҚ – 58%;

«Сбербанк» АҚ ЕБ – 17%;

«ЦентрКредит Банкі» АҚ – 13%.

Ипотекалық кредиттер негізінен еліміздің ірі қалалары – Алматы (23,2%) мен Нұр-Сұлтан (28,6%) қалаларында шоғырланған.

Серіктес жаңалықтары