×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Алматы облысында университет жерін сатып жіберген шенеуніктер ұсталды

14.10.2021, 09:25
фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы қызметкерін, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы Қарасай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің және Қарасай ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшыларын 2018 жылы Кемертоған кентінде орналасқан ауданы 9,0 га жер телімі түріндегі университет мүлкін ұрлады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Университеттің жер телімі бірнеше телімге заңсыз бөлінген әрі жалған құжаттармен ұсталған тұлғаларға үлестес болып рәсімделіп, кейін адал сатып алушыларға сатылған, дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Аталған тұлғалар қылмыс іздерін жасыру әрі жер телімін университет балансына жалған қайтару мақсатында 2021 жылғы қаңтарда құқық белгілейтін құжаттарсыз мемлекеттің жер қорынан Көлді кентінде санитарлық аймақта орналасқан, жеке меншікке беруге жатпайтын жер телімін заңсыз бөлген.

Бүгін барлық күдіктіге соттың санкциясымен бұлтартпау шарасы тағайындалды. Жасалған қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары жүргіп жатыр.

«Инсайдер» телеграм каналы істі болған шенеуніктердің бірінің атын атады және келтірілген шығын көлемі туралы мәліметті бөлісті. 

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберіндегі дерегінше, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КЕАҚ экс-ректоры Гаухар Төремұратқызы Алдамбергенова адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы университетке тиесілі жалпы ауданы 9 га жер учаскелерін заңсыз сатты. Шығын сомасы 95 миллион теңгеден асады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары