×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Не істеп үлгердіңіз?": СҚО-да бар-жоғы 9 ай әкім болған Сапаровқа сұрақ қойылды

07.09.2023, 10:38
"Не істеп үлгердіңіз?": СҚО-да бар-жоғы 9 ай әкім болған Сапаровқа сұрақ қойылды
Фото: Ашық дереккөзден

Таяуда ғана Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған Айдарбек Сапаров оның алдында 9 ай Солтүстік Қазақстан облысында әкім болған еді. Сол аралықта не істеп үлгергенін Ulysmedia.kz тілшісі Сапаровтың өзінен сұрап көрді.

«Тоғыз ай деген әжептәуір мерзім. Тоғыз айдың ішінде біраз жұмыс жасалды. Біріншіден, бүкіл ауданды аралап шықтық, әр ауданға жоспар жасаттық. Келешегін қалай дамыту керектігін ойластық. Әкімдер жұмыстарын белгіледі. Жол, су, көлік байланысы мәселесі шешіле бастады. Сондықтан келешекте әкім (сол облысқа барған) сол жұмыстарды жалғастырады деп ойлаймын», - деді Сапаров Ақордада тілшілер алдында.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарына шыққан облыс тұрғындары жайылым жер жоқтығына, оның бәрін бай-манаптар алып алғанына шағымданған еді. «Осы мәселе реттелді ме?» деген сұраққа Сапаров былай дейді.

«Ол жерде бұл мәселелер кезінде болды. Үлкен компаниялар жұмыс жасаған. Олар банкротқа кеткеннен кейін бөлек инвесторлар келді. Мысалы, үлкен компанияда 27 инвестор болса, қазір орташа 27 компания келеді. Олардың бәрі жұмыстарын істеп жатыр. Пайларын таратуда. Енді ұсақ мәселелер сот арқылы шешіледі».