Алматының айырбастау пункттерінде америкалық валюта 447,3-447,7 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 23 қаңтарда доллар бағамы 446,03 теңгені құрады. Бір тәулік ішінде доллар бағамы 2,43 теңгеге төмендеген.
Ұлттық банкте доллардың 23 қаңтардағы ресми бағамы 448,61 теңгені құрайды.
Алматының айырбастау бекеттерінде америкалық валюта 447,3 — 447,7 теңгеден сатылады. Сатып алу — 445,5-445,7 теңгеден.
19 қаңтарда Ұлттық банк төрағасы алдағы кезеңге арналған теңге бағамының болжамы туралы мәселеге түсініктеме берген еді.
2023 жылдың соңында Тимур Сүлейменов Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраеваға сұхбат беріп, несиелер, БЖЗҚ-мен және салықтық жеңілдіктер жөнінде айтып берген.