×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Қалай шешеді – солай жұмсайды»: Депутат «Қазақстан халқына» қорын сынады

25.01.2024, 10:08
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутат Ирина Смирнова бюджеттен қаражат аударылатын әртүрлі қорларды тексеру керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат не дейді?

Ирина Смирнова мәжілістегі комитет отырысында елде әртүрлі қорлар жұмыс істейтінін, оларға қомақты қаражат аударылатынын атап өтті. Депутат десе де осы қорлардың құрылымы тексерілмейтінін айтады.

– Ал ол жақта жемқорлық қаупі де, мүдделер қақтығысы да бар. Бюджет қаражаты аударылып жатқан осы қорларды тексерерлік нормаларды заңға енгізуге бола ма? – деп сұрады Смирнова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұловтан.

Қорларға байланысты сотталғандар бар

Антикор өкілі расында да, әр өңірде қорлар барын, бұрыннан кәсіпкерлер, табиғат байлығын пайдаланушылар да ақша аударатынынан хабардар екенін атап өтті.

– Егер қандай да бір негіз болса немесе қорларға қатысты сұрақтар туындаса оларға мониторинг жүргіземіз. Табиғат байлығын пайдаланушылар қазір заңға сүйеніп, қорларға ақша аудара алмайды. Олар нақты бюджетті шотқа аударады. Оларға біз тыйым сала алмаймыз. Кейде бізде кейбір мемлекеттік процедуралар күрделенген сияқты. Кейбір мәселелерді шұғыл шешу өте қиын. Практика осыны көрсетеді. Облыс әкімдері түсінеді, - дейді ол.

Сарқұловтың айтуынша, қылмыстық тәжірибеде қорларға қатысты сотталғандар бар. Алайда антикор өкілі бірде-бір адамның есімін атамады.

Десе де Смирнова жауапқа қанағаттанбай, нақты «Қазақстан халқына» қорының ашықтығы жайлы айтты.

– Біз сіздерге (антикор өкіліне) жүгініп, кейбір мәселелер қаралса дедік. Қараудан бас тартты. Қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде айтып отырмын. Осындай басқа да қорлар бар. Ол жақта қаражат атқарушы комитет немесе қамқоршылық кеңес қалай шешсе, солай жұмсалады. Нақты осы қор емес, басқа да қорлар туралы айтып отырмын. Олардың саны көп. Қалай қаласа солай жұмсайды. Ешқандай мүдделер қақтығысын ешкім қарап жатқан жоқ. Туыстары ма, басқа біреу ме... Яғни осы мәселені де қалыс қалдырмау керек. Бұл да бюджет қаражаты, - деді ол.

Десе де, Сарқұлов нақты факттар болса депутатқа беруді, жазбаша түрде жауап беретінін айтты.

«Керек болса жауапкершілікке тартамыз», - дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақстан халқына" қорына 196 млрд теңгені кімдер аударғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары