×
$
443.62
€
492.24
₽
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
443.62
€
492.24
₽
5.36

Қазақстанда үшінші АЭС-ті салуға тағы бір өңір қарастырылып жатыр

Бүгін, 18:00
Қазақстанда үшінші АЭС-ті салуға тағы бір өңір қарастырылып жатыр

Қазақстанда үшінші атом электр станциясын елдің солтүстігінде, Тобыл өзені маңында салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Антальяда өткен «Әлемдік атом күндері – 2026» форумының кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап бергенде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, үшінші АЭС салынатын нақты орын әлі таңдалмаған. Қазір мамандар елдің шығысы мен батысындағы бірнеше аумақты зерттеп жатыр.

– KEGOC компаниясының жүйелік операторының ұсынысы бойынша Солтүстік Қазақстандағы Тобыл өзені маңындағы аумақты да қарастырып жатырмыз. Ол жерде станцияны салқындатуға қажетті су көлемі бар. Бұл аумақтардың барлығы атом энергетикасын дамыту үшін әлеуетке ие. Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңдерінде олар жан-жақты зерттеледі, – деді ол.

Агенттік басшысы басқа ықтимал орындар ретінде Курчатов қаласы мен Каспий теңізінің жағалауын да атады.

АЭС салатын орынды таңдау зерттеу нәтижелеріне, реакторларды салқындатуға қажетті судың болуына және өңірлердің электр энергиясына деген сұранысына байланысты болады.

Сонымен қатар Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан кемінде үш атом электр станциясын салуды жоспарлап отырғанын еске салды. Алғашқы екі АЭС-тің орны Алматы облысының Жамбыл ауданында белгіленген.

Сізге қызық болуы мүмкін