×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Министр қолма-қол ақшаға көшуді "уақытша тренд" деп атады

30.01.2024, 11:05
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кәсіпкерлердің мобильді аударымдарына бақылау енгізудің салдары жайлы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Экономикаға соққы болмайды”

Үкіметте өткен брифинг барысында журналистер министрден жұртшылықтың қолма-қол ақшаға қайта көшіп, дүрбелеңге түсіп жатқанының салдары жайлы сұрады. "Каспий аударымдары бақылауға алынады екен" дегеннен кейін азаматтар "салыққа ілініп қаламыз ба?" деп қолма-қол ақшаға ауыса бастаған.

– Менің ойымша, бұл уақытша тренд. Кейбір азаматтар жағдайды толық түсінбегендіктен, дүрбелеңге беріліп жатыр. Біз заңды шеңберде жұмыс істегіміз келеді. Кәсіпкерлер саналы түрде сұр схемаларда жұмыс істеуге болмайтынын түсіну керек, - дейді Қуантыров.

Ол сондай-ақ Қазақстанның цифрландырылған елдердің қатарында екенін еске салды. Сондықтан, Қуантыровтың пікірінше, қазақстандықтар бұдан әрі де банктердің цифрлық қызметтерін белсенді пайдаланады.

– Біз сол үрдісте қаламыз деп ойлаймын. Әлі-ақ бәрі үйреніп кетеді. Қаржы министрінің өтініші болды, егер заңбұзушылықтар орын алса, комитеттерге жүгінуге болады. Мен өзім электронды гаджеттерді қолданам. Бұл өте ыңғайлы, барлық операция көрініп тұрады. Экономика үшін бұл жақсы. Экономика үшін проблемалар болмайды. Қалай болғанда да, адамдар тауарларды қолма-қол сатып алады. Банктерге қолма-қол банкоматтарды көбірек жүктеу қажет, - деген ол қолма-қол ақшаға көшуге байланысты Қазақстан экономикасына соққы жасалмайтынын сендірді.

Саудагерлер не дейді?

Kaspi bank арқылы азаматтардың бір-біріне телефон нөмірін теріп қана жөнелте беретін ақшасы биылдан бастап саябырлай бастағаны анық. Оған «енді переводтың бәрі бақылауға алынады екен» деген әңгіме тікелей себеп болып отыр. Ұсақ саудасы, шағын дүкені, дәріханасы бар азаматтар бұған дейін ақыны аударыммен қабылдай берсе де, биылдан бастап қолма-қол ақшаны талап ете бастаған. Табысының аз да болсын бөлігін салық ретінде бергісі келмейтіндер баршылық.

Салық органдарының өкілдері, экономистер мен сарапшылар бұл тақырыпта айтарын айтып-ақ жатыр. Ал қарапайым саудагер не дейді? Ulysmedia.kz тілшісі базарда саудасы бар біршама адаммен сөйлесіп, олар осы жөнінде не ойлайтынын біліп көрген болатын.

Серіктес жаңалықтары