×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстанда орманды қорғайтын қызмет құрылды

04.05.2024, 18:51
Фото: Ашық дереккөзден

Жаңа құрылым Орман қорын күзету және қорғау қызметі деп аталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Орман қорын күзету және қорғау қызметін құру туралы қаулыға қол қойды.

– Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы жаңа Республикалық азаматтық қорғау қызметі ТЖ кезінде, оның ішінде орман өрттерін сөндіру барысында орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Орман өрттеріне қарсы іс-қимыл ормандарды көбейтуге және ағаштарды кесуге ғылыми тәсілді, сондай-ақ кешенді алдын алу шараларын қабылдау мен тиісті құзыреттерді дамытуды қажет етеді. Бөлек қызмет құру қажеттілігі осындай талаптардан туындап отыр, – делінген үкімет хабарламасында.

Орман қорын күзету және қорғау қызметінің құрылуы мемлекеттік органдардың алапат орман өрттеріне қарсы күрес шараларын үйлестіруін жақсартуға, тиісті мекемелерді техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ табиғи өрттердің алдын алу және сөндіру үшін білікті кадрлар құрамын жасақтауға мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанда 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі бар, олар еліміздегі тіршілікті қамтамасыз ететін институттардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған. Олардың қатарына өрт сөндіру қызметі, медициналық қызмет, химиялық қорғау қызметі, инженерлік қызмет, радиациядан қорғау қызметі, ұлттық гидрометеорологиялық қызмет жатады.

Серіктес жаңалықтары