×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Елімізде қызанақ 18,5%-ға қымбаттаған

02.02.2024, 14:25
Елімізде қызанақ 18,5%-ға қымбаттаған
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы қаңтарда 1,1% өсті, хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарында тұтыну бағасының айлық индексі өткен аймен бірдей – 0,8% құрады. Ақылы қызметтер – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%-ға өсті. Жылдық есеппен алғанда қаңтарда инфляция 9,5%-ды құрады.

Қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы өсті:

қызанақ – 18,5%-ға;

қияр – 14,9%-ға;

тәтті бұрыш – 12,1%-ға;

сарымсақ – 7,4%-ға;

банан – 6,7%-ға;

жұмыртқа – 5%.

Арзандады:

күнбағыс майы – 1,7%-ға;

қант – 1,4%-ға;

пияз – 1,3%-ға;

сәбіз – 1,1%-ға.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында – 1,2% (орташа республикалық деңгейден 0,4 пайыздық тармаққа жоғары), ең төменгісі – Ұлытау және Қызылорда облыстарында (әрқайсысы 0,5%) тіркелді.