×
$
457.09
€
508.42
₽
5.67
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
457.09
€
508.42
₽
5.67

Үкімет азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін жаңа шаралар қабылдайды

Бүгін, 12:52
Үкімет азық-түлік бағасының өсуін тежеу үшін жаңа шаралар қабылдайды
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда азық-түлік бағасына бақылау күшейтіледі. Әкімдіктер азық-түлік нарығындағы жағдай туралы апта сайын есеп беріп, жауапты министрліктерге қысқы кезеңге жеткілікті қор жинау тапсырылды. Бұл туралы президент жолдауының орындалуына арналған Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Олжас Бектенов мемлекеттік органдардан инфляцияның өсуін тоқтатып, оны одан әрі төмендету үшін үйлесімді жұмыс істеуді талап етті.

– Бұл үшін барлық мүмкіндік бар. Ол үшін барлық мемлекеттік органның келісілген іс-қимылы қажет, – деді премьер-министр.

Әкімдіктерге қабылданып жатқан шаралардың азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қаншалықты ықпал етіп жатқанын апта сайын тексеру тапсырылды. Нәтижелері Сауда министрлігіне жолдануға тиіс.

Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемелерін бақылауды күшейтеді. Дүкендерге рұқсат етілген шектен артық үстеме баға қосуға болмайды.

Сондай-ақ жауапты органдарға тауарлардың негізсіз қымбаттауына жол бермеу үшін қосымша шаралар қабылдау міндеттелді.

Қысқа арналған азық-түлік қоры

Сауда және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне қысқы кезеңге жеткілікті азық-түлік қорын қалыптастыру үшін екі апта уақыт берілді. Ол үшін тұрақтандыру қорларын белсенді пайдаланып, азық-түлікті тікелей жеткізу көлемін арттыру қажет.

Экономикалық саясатқа қатысты тағы бір тапсырма берілді. 20 қарашаға дейін Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық банкпен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, бюджет, салық және ақша-кредит саясатын өзара үйлестіруге көмектесетін шаралар әзірлеуге тиіс.

Үкімет бұл шаралар бағаның өсуін баяулатып қана қоймай, халықтың нақты табысын арттыруға да ықпал етеді деп есептейді.