×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Министр Сапаров статистикада өтірік барын мойындады

21.02.2024, 14:32
Фото: Ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласында жалған статистика барын мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Ауыл шаруашылығы саласында өтірік есеп беру мәселесі әлі де өзекті. Ауыл ауданға, аудан облысқа, облыс республикаға өтірік есеп беретін жайттар кездеседі. Оған тосқауыл бар ма? Өтірік есеп беру үрдісі қашан тоқтайды, – деп сұрады журналистердің бірі ОКҚ алаңында Айдарбек Сапаровтан.

Бұл сұраққа жауап берген министр “сонымен, біз биыл айналысып бастадық” дейді. 

– Биылдан бастап тоқтайды. Жарты жыл, жыл аяғына дейін бірінші біз өсімдік шаруашылығын, сосын мал шаруашылығы екеуін де орнына келтіріп, есепті түзеп, ары қарай бұл көрсеткішті әкімге кіргізгенде сол көрсеткіш азаяды. Біз оны қазір азайтамыз. Мысалы, картопты, бидайды атап өттік. Неше түрлі қосымша көрсеткіштер болған. Соны азайту үшін біз тыйым қоямыз. Бәләмбай жылдан бері жалғасып келе жатқан жұмыс. Биылдан бастап тоқтатсақ, жауапкершілікке тартамыз. Бұлай ары қарай жұмыс жүргізуге болмайды, – деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісі отандық сүт өндірісі мәселесін зерттеген кезде ұлттық статистика бюросы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің статистикасы сәйкеспейтінін анықтаған еді. 

Серіктес жаңалықтары