×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Лицензиясынан айырылған ресейлік Qiwi банк мәлімдеме жасады

22.02.2024, 10:42
Лицензиясынан айырылған ресейлік Qiwi банк мәлімдеме жасады
Фото: ТАСС

Qiwi Қазақстан компаниясы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Мәліметтерге сүйенсек, таяуда Ресей банкі Qiwi-банктің операцияларды жүзеге асыру лицензиясын қайтарып алғаны белгілі болған. Qiwi федералдық заңдарды, сонымен қатар Ресей Банкінің ережелерін бұзғаны атап өтілді. 

Банк банк қызметін реттейтін федералдық заңдарды, сондай-ақ Ресей Банкінің ережелерін бұзды. Сондықтан реттеуші соңғы 12 айда бес рет оған қарсы шаралар қабылдады. Соның ішінде екі рет жекелеген операцияларға шектеулер енгізілді. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жүйелі түрде жол берді, – делінген хабарламада.

Банктің дерегінше, реттеуші жеке тұлғалардың дербес деректерін пайдалана отырып, QIWI-әмияндарды ашудың және олар бойынша көптеген операция жүргізгені анықталды. Электрондық әмиянның азаматтарға бірталай тәуекелдер туғызғаны белгілі болды.

Ал ресейлік ақпарат көздері лицензияны қайтарып алғаннан кейін QIWI электрон әмияндардан қаражат алуға тыйым салған. Жүйеде шоттан ақша алу мүмкіндігі бұғатталған: пайдаланушының жеке кабинетінде әрекет жасаған кезде "төлемді жүргізу мүмкін емес" мәтіні шығады.

Кейінірек Ресей Банкі салымдарды сақтандыру электронды әмияндарға қолданылмайтынын мәлімдеді.

Сақтандыру электрон әмияндардағы қаражатты қамтымайды, – деді банк өкілдері.

Қазақстанда 30 000-нан астам төлем қабылдау пункті бар

QIWI Kazakhstan компаниясы бизнесті ресейлік және халықаралық деп бөлгенін хабарлады.

Ресейде QIWI банкі, Contact ақша аударымдары жүйесі, ROWI компаниялар тобы, realweb компаниялар тобы, Flocktory қалды. QIWI Kazakhstan мен QIWI PLC халықаралық бизнестің бір бөлігі және компания жаһандық стратегия шеңберінде дамиды, – делінген қазақстандық компания хабарламасында.

Сонымен қатар QIWI Kazakhstan ресейлік компаниямен серіктес екенін атап өтті.

Қазір сіздерде көптеген сұрақ туындағанын түсінеміз. Біз жағдайды ретке келтіріп, алдағы уақытта нақты әрекеттеріміз туралы ақпарат береміз. Біз барлық сервисіміздің бұрынғы жұмыс режіміне оралуы үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деп атап өтті компания.

Компания теңгедегі шоттар әлі белсенді екенін жеткізді.

Компанияның сайтындағы мәліметтерге сәйкес QIWI Kazakhstan төлем ұйымы жеке, интернет және мобильді байланыс арналары арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар интеграцияланған төлем желісінің жұмысын қамтамасыз етеді. Оған 17,2 миллионнан аса виртуалды әмиян, 181 000-нан астам терминал, соның ішінде Қазақстанда 30 000-нан астам төлем қабылдау пункті кіреді.

Ресейдің орталық банкі QIWI банкі ел экономикасының нақты секторындағы маңызды несие берушісі емес екенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, ресейлік банк оның қызметі жоғары тәуекелді операцияларды жүргізуге қатысуымен сипатталғанын айтты.