×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Доллардың арзандауы жалғасып жатыр

22.02.2024, 15:34
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,30 теңгеге төмендеп, 450,47 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,58 теңгені (-0,22) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 486,77 теңге, рубльді 4,88 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 450,5-452,1 теңгеге, еуро 489-492 теңгеге, ресей рублі 4,81-4,89 теңгеге сатылуда.

Ал, 22 ақпандағы аукционда әлемдік баға көтеріліп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,2%-ға өсіп, барреліне 83,20 долларды құрады.

Сәуірдегі WTI фьючерстері 0,2%-ға өсіп, барреліне 78,10 долларды құрады.

Серіктес жаңалықтары