Қазақстан қор биржасындағы 27 ақпандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 448,89 теңге болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бір тәулікте доллар бағамы 0,73 теңгеге, бір айда 0,95 теңгеге төмендеді. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 450-450,5 теңгеден сатып алынып, 451-451,7 теңгеден сатылуда. Еуро 488-488,5 теңгеден сатып алынса, 490,5-492 теңгеден сатылуда. Айырбастау орындарында рубльді сатып алу бағамы 4,77-4,78 теңге, сату бағамы 4,85-4,9 теңге.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы барреліне 82,4 долларды құрайды.