×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Екібастұз әкімдігі МАЭС-3 учаскелеріне 126 млн орнына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсамақ болды

14.03.2024, 17:11
Екібастұз әкімдігі МАЭС-3 учаскелеріне 126 млн орнына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсамақ болды
Фото: ашық дереккөз

Екібастұз қаласының әкімдігі МАЭС-3-ке арналған учаскелерге 126 миллион теңгенің орнына 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Екібастұз қаласының әкімдігі ауылдық аймақтағы ауданы 25 га және 5 га екі учаскеге бағалау жүргізген, алайда ұқсас жер үшін құны едәуір жоғары қалалық жерлердің бағалары пайдаланылған. Соның кесірінен нақты құны 126 млн болатын екі учаске бюджетке 1 001 197 999 теңгеге шығын келтіре жаздады, - делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінім кері қайтарып алынды.

Учаскелердің иелерімен оларды сатып алу туралы келісімдер бұзылды, кінәлі лауазымды тұлғалар жазаланды, - деп толықтырды прокуратура.