×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Халық қайтадан мобильді аударымға көшіп жатыр

19.03.2024, 12:30
Халық қайтадан мобильді аударымға көшіп жатыр
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Каспий банк аударымына байланысты өзгерістер жөнінде журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бүгінгі таңда Кәсіпкерлік кодексі бойынша кәсіпкер ретінде тіркелу үшін жылына 12 ЕТЖ-ден астам табыс болуы қажет. Яғни, бұл 85 мың теңге. Мобильді аударымдар бойынша біз екі критерийді қолданамыз: алдымен, үш айда 100-ден астам аударым болғаны шарт. Енді біз үшінші критерийлерді талқылап жатырмыз, бұл тұлғалар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі үшін 255 мың теңгеден астам сома болуы керек, – деді қаржы министрі үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің айтуынша, бүгін де жағдай тұрақталған. Банктермен жұмыс жүргізіліп, адамдар қайтадан мобильді аударымдарға көшіп жатыр.

Қаңтар айында бізде 75 мыңға жуық жеке кәсіпкер бары расталды. Егер бұрын бізде шамамен 2-3 тіркелген болса, қазір қаңтарда 75 мың, ақпан айында шамамен 70 мыңы тіркелді. Яғни, заңдастыру және сол жерде болған адамдардың көлеңкесінен шығару жұмыстары жүріп жатыр. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз.

255 мыңнан астам – бұл үш айда. Егер жылына ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен көп болса, ол жеке кәсіпкер ретінде белгіленуге жатады. Бұл заң, – дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық экономика министрі болған Әлібек Қуантыров кәсіпкерлердің мобильді аударымдарды азайтып, қолма-қол ақшаға ауыса бастауын “уақытша тренд” деп атаған еді. Қазақстанның цифрландырылған елдердің қатарында екенін еске салған ол қазақстандықтар бұдан әрі де банктердің цифрлық қызметтерін белсенді пайдаланады деп сенеді.

Саудагерлер не дейді?

Kaspi bank арқылы азаматтардың бір-біріне телефон нөмірін теріп қана жөнелте беретін ақшасы биылдан бастап саябырлай бастағаны анық. Оған «енді переводтың бәрі бақылауға алынады екен» деген әңгіме тікелей себеп болып отыр. Ұсақ саудасы, шағын дүкені, дәріханасы бар азаматтар бұған дейін ақыны аударыммен қабылдай берсе де, биылдан бастап қолма-қол ақшаны талап ете бастаған. Табысының аз да болсын бөлігін салық ретінде бергісі келмейтіндер баршылық.

Салық органдарының өкілдері, экономистер мен сарапшылар бұл тақырыпта айтарын айтып-ақ жатыр. Ал қарапайым саудагер не дейді? Ulysmedia.kz тілшісі базарда саудасы бар біршама адаммен сөйлесіп, олар осы жөнінде не ойлайтынын біліп көрген болатын.

Ал таяуда ұлттық экономика министрі мобильді аударым бойынша өзгеріс қайта қаралатынын айтқан.