×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бұл қаржылық репрессия»: депутат айыппұл мөлшерін қатаң сынап, оны азайтуға шақырды

17.04.2024, 11:39
«Бұл қаржылық репрессия»: депутат айыппұл мөлшерін қатаң сынап, оны азайтуға шақырды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Қазақстандағы айыппұл мөлшеріне көңілі толмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

– Айыппұл көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде ең алдында тұр. Мысалы теңгеге шаққанда Ресейде айыппұл 3 мың теңгеден, Беларусте 5 мың теңгеден, ал Қазақстанда 17 мың теңгеден басталады. Бұл бүгінгі таңда заңсыздықтардың алдын алу емес, біздің азаматтарға қарсы қаржылық репрессия тәрізді. Қазіргі өте ауыр гуманитарлық жағдайда осы айыппұлдар азаматтарды шаршатып жібереді. Осы заң шеңберінде айыппұлды азайтып немесе рақымшылық жасайтын жағдай бар ма? – деп сұрады Ерлан Сайыров ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехадан. 

Бұл сұраққа жауап берген вице-министр расында да, айыппұлға қатысты сұрақ даулы екенін мойындады.

– Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, біздің елде былтырға қарағанда бірінші тоқсанда жол апаты жағдайлары 70 пайызға өсіп кетті. Демек, тіпті біз қабылдаған шаралардың өзі жағдайды тұрақтандыруға жетпей тұр. Екіншіден, осы заңда айыппұлдан тек нақты санаттарға байланысты, жол ережелерін ауыр әрі жария түрде жасайтындарға салынғалы отыр. Ал жылдамдықты сағатына тек 10 шақырымға арттырғандарға айыппұлды көбейтпейміз, – дейді ол.

Ерлан Сайыров десе де, репрессивті шаралар апаттарды азайтпай тұрғандығын вице-министр мойындағандықтан, қалыпты халықаралық нормаларға қайтып, халықты айыппұлмен қинамау керектігін жеткізді.