×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

Navai Қазақстандағы оқиғадан кейін алғашқы концертін берді

Бүгін, 16:00
Navai Қазақстандағы оқиғадан кейін алғашқы концертін берді
Ulysmedia

Ресейлік рэпер Navai (Наваи Бакиров) Қазақстанда ұсталғаннан кейін алғаш рет сахнаға шықты. Ол 8 қарашада Мәскеудегі клубтардың бірінде өнер көрсетіп, қайда жоғалып кеткенін әзілге айналдырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Көптен бері өнер көрсетпеппін. Әлдебір жерде отырып шықтым. Ауырып қалдым. Бүйрегім ауырып жүр, – деді рэпер. Бұл туралы SHOT Telegram арнасы жазды.

Концертке билеттер түгел сатылып кеткен. Клубтың кіреберісіне жиналған халықтың көптігінен жанкүйерлердің бір бөлігі залға кіре алмай, концерт 50 минут кеш басталды.

Navai көрермендерден ұзақ уақыт сахнаға шықпағаны үшін кешірім сұрап, денсаулығының сыр беріп жүргенін айтты. Соған қарамастан, концертті тоқтатпады.

Өнер көрсеткеннен кейін жанкүйерлері рэперді түнгі бірге дейін VIP-кіреберістің алдында күтті. Ол бірнеше қызбен суретке түсті.

Журналистердің ұсталуына қатысты сұрағына Navai «Ешқандай түсініктеме бермеймін» деп жауап беріп, кетіп қалды.

Не болған еді?

Еске салайық, Navai 13 қазанда Бішкектегі концертінен кейін Қазақстанға оралғанда «Қордай» өткізу бекетінде ұсталды. Көлігінен 2,5 грамм марихуана табылған.

Сот рэперді екі айға қамауға алу туралы шешім шығарып, ол Тараздағы тергеу изоляторында бір апта болды.

Адвокат Рена Керимованың айтуынша, кінәні көліктегі жолаушылардың кез келгені мойнына алуы мүмкін еді, алайда Navai басқаша шешім қабылдаған.

20 қазанда полиция қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатып, рэперді Қазақстаннан шығарып жіберді. Яғни бұл шешім оның кінәсіздігін мойындауды білдірмейді.

Ресейлік адвокат Сергей Жориннің айтуынша, егер елден шығару сот шешімімен рәсімделсе, Navai алдағы бес жыл бойы Қазақстанға, соның ішінде концерт беру үшін де келе алмайды.

Сізге қызық болуы мүмкін