×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды

18.04.2024, 14:14
24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды
Фото: gov.kz

Премьер-министрдің төрағалығымен өткен арнайы комиссия соңғы отырысының қорытындысы бойынша 24 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Активтерді қайтару жөніндегі комитет арнайы мемлекеттік қорды 2,2 млрд теңгеге толықтырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аталған қаражат елдегі су тасқынының салдарын жоюға бағытталды.

Сонымен қатар бейінді Заңның мақсаттарына сәйкес, келешекте өндірілетін қаражат та зардап шеккен өңірлердің әлеуметтік жобаларына бағытталатын болады, – делінген хабарламада.