×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Аудиторлар Назарбаев мектептеріне бөлінетін қаражаттың тиімділігін тексеріп жатыр

04.05.2024, 09:10
Аудиторлар Назарбаев мектептеріне бөлінетін қаражаттың тиімділігін тексеріп жатыр
Коллаж: ulysmedia.kz.

Жоғары аудиторлық палата Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Қазақстанның төрт облысына бөлінетін бюджетті, сондай-ақ әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесін, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерген. Алайда аудит қорытындысын әлі жариялаған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоғарғы аудиторлық палата не дейді

2024 жылдың екінші тоқсанында Жоғары аудиторлық палата көлік, салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларында, республикалық бюджеттің есептілігі бөлігінде, сондай-ақ білім беру мен денсаулық сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтаған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында 2022-2023 жылдарға арналған бюджеттерге аудит жүргізілген. Бұдан басқа, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ және Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметіне баға беріледі.

– Жоғарғы аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды, – делінген хабардамада

Қытай деректерімен салыстыра аудит жүргізіледі

Екінші тоқсанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңі аяқталды. Аудит қорытындысы бойынша баға белгілеуді реттеудің тиімділігіне, отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына, сондай-ақ «СК-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьютерінің сатып алу рәсімдеріне баға беріледі.

2023 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендірудің мемлекеттік аудиті шеңберінде Қытаймен «айна статистикасындағы» алшақтықтарды азайту жөніндегі шаралардың нәтижелілігін, корпоративтік табыс салығы бойынша автоматтандырылған камералдық бақылаудың тиімділігін, мемлекет бюджетіне салықтық түсімдерді ұлғайту жөніндегі шаралардың толықтығын бағалау жоспарланған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары Мемлекет басшысына ұсынылатын болады.

НЗМ басшысымен сұхбат

Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраева бұған дейін НЗМ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозинмен хабарласып, НЗМ-нің қазіргі жағдайы қалай,  экс-президент оларға барып тұра ма, алдағы тағдыры не болмақ деген сұрақтарға жауап алған еді.

Қазақстанда еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және оның құрметіне аталған Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) бар. Бұл мектептердің жағдайы басқаларына қарағанда тым жақсы болғаны айтпаса да түсінікті. Қаржыландыру болсын, педагогикалық құрамы болсын, автономдық басқару жүйесі болсын, әйтеуір жылы-жұмсақтың бәрі солардың аузында болды. Балаңызды НЗМ-ге түсірсеңіз жетіп жатыр, келешегіне алаңдамасаңыз да болады. Батыстың ЖОО-на оқуға түсу дейсіз бе, карьерлік өсу дейсіз бе, өздігінен бола беретін игіліктер есігі ашылатын. Алайда Жаңа Қазақстанның жариялануы жағдайды біршама өзгертті. Мектептерге бөлінетін қаржы күрт қысқарды, мектептердің атын өзгертеді екен деген әңгіме шықты. Осыған байланысты қордаланған сұрақтардың бәріне Әнуар Жанғозин жауап берген еді.