Қазақстанның Қаржы министрлігі биыл су тасқынынан келген шығынды әлі есептеп бітпей жатыр. Мәжіліс кулуарында министр Мәди Тәкиев бүгін де нақты соманы атай алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тәкиев не дейді
– Тасқынның шығыны бойынша бізде әлі есеп жүргізілуде. Оралдан енді ғана су кетіп жатыр. Әлі бірталай үй су астында. Есептеу керек. Су көлемі Атырауға кетіп қалды. Бәрін есептеп шыққаннан кейін біз сіздерге толық ақпарат береміз, – деді министр.
Оның айтуынша, Үкімет резервінде ақша барын айтады.
– Қостанай облысында мәселен, пәтерлерді алуға 205 млн теңге (?) жұмсалды, – дейді ол.
Қазақстандағы су тасқыны
Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.
Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған.
“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.