×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстан экономикасы «рубльданып» барады – Үміт Шаяхметова

12.11.2021, 10:53
Фото: Ашық дереккөзден

«Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, Ресей тарапынан импорттың өсуімен қатар көрші елдің банктері қазақстандық кәсіпкерлерді рубльмен қаржыландыра бастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстанда банктер неліктен экономиканы несиелендіргісі келмейді? Біз өз тарапымызға осындай сынның жиі айтылып жататынын көреміз. Көбінесе тұтынушылық несиені көбірек беретінімізді де сынап жататындар бар. Иә, жағдай сондай, себебі қоғамда қарыз алушылар бойынша проблема бар. Ісін кеңейтіп, жаңғыртқысы келетін компанияларға жеңілдетілген несие береміз. Алайда неліктен бұл сұраныс клиенттік база мен корпоративті сектор тарапынан өспейді? Соңғы 2-3 жылды қарайтын болсақ, өндірістік қуаттылыққа салымның өскенін байқай алмай отырмыз», - деді Үміт Шаяхметова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанға ресейлік тауардың импорты өсіп барады. Ал қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі төмендеп кеткен.

«Не болып жатыр? Соңғы 2 жылда Ресейде базалық мөлшерлеме өте төмен болған кезде (4,25%) арбитраж болған еді. Яғни біздің базалық мөлшерлеме 9% жоғары болған кезде Қазақстаннан гөрі Ресейде рубльмен сауда жүргізу арзанға түсіп келді. Тиісінше, несиелендірудің өзінде біз ресейлік өндірушілерден қарағанда қарыз жүктемесі қазақстандық қарыз алушыларға көбірек түсіп отырғанын көріп отырмыз. Қазақстан экономикасы «рубльданып» барады. Бұрын «долларлану» мәселесі болатын. Қазір оның орнын рубль басты. Биржадағы сауданы рубльмен жүргізу көрсеткіші де 3 есе, 10 млрд рубльдан 27 рубльге дейін артты. Ресейлік банктер тарапынан қазақстандық қарыз алушыларды рубльмен қаржыландыру көрсеткішінің де артып бара жатқанына куә болып отырмыз. Тіпті қаржы министрлігі рубльмен жұмыс істеп жатқанын көріп отырғанда одан артық не деуге болады? Базалық мөлшерлеме, осы арбитраж біздің өндірушілердің және қарыз алушылардың пайдасына шешілмегеннен кейін жағдай осындай мәселеге тіреліп отыр», - деді ол.

Үміт Шаяхметова екі елдің базалық мөлшерлемесі теңесіп келе жатқанын, Ресейде мөлшерлеме 3%-ға көтерілгенін, тиісінше осы арбитраж қысқарып келе жатқанын айтады.

«Алайда бұл үрдіс қазақстандық тауар өндірушілердің жағдайына оң әсер етеді деген үміттеміз», - деп атап өтті.

Серіктес жаңалықтары